05
тамыз
2024
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ БЕЛГІЛЕНДІ
1.09.2024года в КГУ"Ново-Троицкая ОСШ"отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО прошла торжественная линейка на тему :"Школа территория добра!"среди всех учащихся малокомплектной школы.Этот день особенный ни только для первоклассников, которые впервые перешагнули порог школы,но и для наших будущих выпускников 9класса.Все учащиеся нашей школы с радостью отметили праздник день знаний!
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ново-Троицк негізгі орта мектебі" КММ - де 1.09.2024 жылы « «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға шағын жинақталған мектептің барлық оқушылары қатысты.Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет басып өткен бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, біздің болашақ 9-сынып түлектері үшін де ерекше болды. Мектебіміздің барлық оқушылары Білім күнін ерекше қуанышпен атап өтті!
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ново-Троицк негізгі орта мектебі" КММ - де 1.09.2024 жылы « «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға шағын жинақталған мектептің барлық оқушылары қатысты.Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет басып өткен бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, біздің болашақ 9-сынып түлектері үшін де ерекше болды. Мектебіміздің барлық оқушылары Білім күнін ерекше қуанышпен атап өтті!

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі барлық бағалау құралдарын жүйелеу мақсатында Орта білім беруді бағалаудың ұлттық негізін әзірледі, ол төрт құрамдас бөлікті қамтиды: оқушыларды бағалау, педагогтерді бағалау, білім беру ұйымдарын бағалау және білім беру жүйесін бағалау.
Орта білімді бағалаудың ұлттық негізі - ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде әзірленген құжат. Ол жалпы ішкі және сыртқы бағалау құралдарын біріктіреді. Мысалы, білім алушы деңгейінде: формативті және жиынтық бағалау, қорытынды аттестаттау, сонымен қатар мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуінің нәтижелері.
«Бұл білім беру процесінің әрбір қатысушысына - ата-анадан, оқушыдан, педагогтен бастап барлық деңгейдегі басшыларға «не бағаланады?», «қашан?» және «не үшін?» екенін нақты түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, жетілдірілген Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі оқушылардың білімін білім алудың әр сатысында бақылауға, мектептер мен өңірлер бөлінісінде мәселелерді жедел анықтауға және шешуге мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.
Сонымен қатар, министрлік білім беру сапасын сырттай бағалаудың ұлттық құралы – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ББЖМ Нидерландыда RCEC (Research Center for Examination and Certification) халықаралық зерттеу, сертификаттау орталығында аккредиттеу рәсімінен өтуде. Бұл ББЖМ мазмұны мен рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан алты халықаралық зерттеулерге қатысады: PISA, PIRLS, ICILS, TIMSS, TALIS, мектептерге арналған PISA. Биылғы жылы біздің оқушыларымыз жаратылыстану бойынша көрсеткіштерін 26 ұпайға арттырып, математика мен оқудан өз нәтижелерін сақтау арқылы математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50-ге енді.