Денсаулық - зор байлық
7-сәуір Бүкілдүниежүзілік денсаулық күні. 1,4- сыныптарында "Денсаулық - зор байлық" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа денсаулықтың қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстауға, күн тәртібін сақтауға, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл- күйі көтеріңкі болады. Халқымыз "Дені саудың- жаны сау" деп орынды айтқан.