Қош келдің, әз Наурыз! » «Ново-Троицк негізгі орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Ново-Троицк негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 316-99-81
Есепші бөлімі:
+7(777) 316-99-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ақпан
2025

Қош келдің, әз Наурыз!

       Мектебімізде "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік концерт өтті. Бұл шара Наурыз мерекесіне арналған ерекше іс-шара болып, оқушылар мен мұғалімдерге, ата-аналарға көктемнің жарқын және қуанышты күнін қарсы алу үшін бірлесіп тойлауға мүмкіндік берді.
        Концерт бағдарламасы әртүрлі өнер түрлерін қамтыды. Оқушылар ұлттық әндер мен билерді орындап, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті.          Ата-аналар комитеті ерекше би билеп көрермендерді таңқалдырды.
       Концерттің ортасында наурыз көже дайындалып, барлық қатысушыларға таратылды.Арнайы жайылған дастарханнан қатысушылар,мен қонақтар дәм татты. Осылайша, мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне ақ тілектерін арнап, мейрамның мағынасын терең түсінді.
       Бұл мерекелік шара мектептегі Наурыздың мән-маңызын ұғынуға, ұлттық мәдениетімізді насихаттауға және бірге болудың қуанышын сезінуге мүмкіндік берді.
[media=
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив